Астанада Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдауға арналған жастар форумы
Астанада Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдауға арналған жастар форумы өтті.
Шараның ұйымдастырушылары «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы мен «Жас Отан» Жастар қанаты.
Қазақстанды табысты дамыту ісіне жеке үлес қосуға дайын қаладағы студенттер мен жұмыс істеуші жастар форум аясында Жолдау туралы пікірлерін айтып, алған әсерлерімен бөлісті. Ұсыныстарын, жоспарларын ортаға салды.
Жастар Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы олардың болашғына даңғыл жол ашатынына, сапалы білім алып, тұрақты жұмыс істеуіне, туған елінің гүлденуі жолында еңбек етуіне мүмкіндік беретініне сенімді.
Жастар Қазақстанның одан әрі дамуының қозғаушы күші мен тірегі болуға дайын екендіктерін білдірді.
Форумға «Нұр Отан» ХДП Хатшысы Ерлан Қарин, Астана қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмерхан Рақымжанов қатысты.
2010-02-09



