«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің 2010 жыл қаңтар айындағы жұмысына арналған брифинг

 2010 жылғы 8 ақпанда партия «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов 2010 жылдың қаңтар айының жұмыс қорытындысына арналған брифинг өткізді. Азаматтардан келіп түскен әртүрлі мәселелер бойынша өтініштерді талдау нәтижесінде олардың санының артқаны байқалады. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында партия Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне – 692 өтініш түссе, оның 472-сі жазбаша түрде. 
 Келіп түскен өтініштердің көкейтесті проблемалары баспанамен қамтамасыз ету - 23 %, тұрғын үй-коммуналды мәселелері - 15 % және сот шешімдерімен келіспейтін өтініштер - 11 % құрады.  
2010 жылдың қаңтар айында партияның аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 4,3 мың, оның ішінде 2,5 мың жазбаша өтініш түсті.
Өтініштерді талдау нәтижесінде өтініштердің дені Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары мен Алматы қалаларына тиесілі болып шықты.
Партия филиалдарының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен өтініштердің жалпы санынан 65% немесе 1602 өтініштер өкілетті органдардың қарауына жолданып, олардан 722 жауап алынды, сонымен қатар өтініштің 423-і оң шешімін тапты. 
 «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтарда Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысында билік пен қоғам, орталық пен аймақтардың арасында өзара іс-қимылдың жаңа түрін енгізіп, қоғамдық қабыллдау жұмысының қарқынын арттыруға баса назар аударды.  
 Қазіргі таңда жүктелген тапсырмаларды орындау үшін партияның қоғамдық қабылдауларының 16 аймақтық, 250 аумақтық «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметтері жұмылдырылуда. 
 Қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметінде Парламент және мәслихаттар депуттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерінің азаматтарды қабылдауы, бірыңғай мазмұнды қабылдау күні, азаматтарды көшпелі түрде қабылдау, жолдағы қабылдаулар, құқықтық кеңес беруді ұйымдастыру сынды басқа да жұмыс түрлері кеңінен пайдаланылуда. 
Бекітілген кестеге сәйкес партияның Орталық аппаратында азаматтарды аптасына екі рет Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қабылдайды. Айталық, үстіміздегі жылдың 8 ақпанына дейін 7 Мәжіліс депутаты 100-ден аса азаматтарды қабылдап, түсініктер берді. Сонымен қатар бірінші рет және тұрақты негізде мемлекеттік және құқық қорғау органдары және банктер мен бизнес құрылымдары өкілдері азаматтарды қабылдайтын болады. Бірінші болып ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А. Коржова қабылдау жүргізді. Сондай-ақ Қазақстанның адвокаттар Одағының өкілдері аптасына екі рет азаматтарға құқық кеңестер береді. Мәселен, Қазақстанның адвокаттар Одағының өкілдері осы жылдың қаңтар айында 5 қабылдау жүргізіп, 30-дан астам адамға құқықтық кеңестер берді.
 Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында республикамыздың барлық аймақтарында «Бірыңғай қабылдау күні» акциясы жүргізіледі. Барлық аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде әлеуметтік мәселелер бойынша партия, атқарушы және билік өкілдерінің басшылары азаматтарды қабылдайды. Осы мерзімде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жергілікті орындарда қабылдаулар жүргізеді. Сонымен қатар Аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын кең көлемде насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылмақ. 
 Ақпан айының соңында 2009 жылғы азаматтардың өтініштерін қарау бойынша орталық мемлекеттік органдарының басшыларымен жұмыс кездесуі болады, сондай-ақ, аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілерімен Астана қаласында семинар-кеңес өткізу үшін дайындық жұмыстары жандандырылуда.

Назад


2010-02-08