Елбасы, партия Төрағасы Н. А. Назарбаевтың Жолдауын қолдауға арналған «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының форумы Жезқазған қаласында өтті

30 мыңға жуық адамның басын біріктірген еліміздегі ірі партиялық ұйымдардың бірі - «Қазақмыс» корпорациясы жанынан құрылған «Нұр Отан» ХДП филиалы жұмыс істейтін Қарағанды облысының, Жезқазған қаласында Президент Жолдауын қолдауға арналған «Нұр Отан» партиясының форумы өтті.  
 Форум барысында Жезқазғанның металлургтері мен кеншілері мемлекет басшысы ұсынған ауқымды бағдарлама олардың өнеркәсібінің тұрақты жұмыс істеуіне, одан әрі дамып, жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Президенттің кеншілердің мәселелері мен қажеттіліктеріне айрықша назар аударғанының арқасында «Сарыарқаның мысты күмбезі» аталатын Ұлытау-Жезқазған өңірі дамудың ең жоғарғы көрсеткішіне ие болып келеді. Елбасы Жолдауы жалпы таукен – металлургия саласының өркендеуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл - кен өндіруде үздік технологияларды енгізу, кен орындарының, фабрикалар мен зауыттардың техникалық қайта жасақталуы, сондай-ақ жаңа кен орны мен зауыттар құрлысы. 
 Елбасының Жолдауына арналған сөзінде «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, корпорация жанындағы «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы Эдуард Огай: «Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барлық сала бойынша алға бастайтын Қазақстанның ұзақмерзімді индустриалдық – инновациялық стратегиясы туралы айтқанда, Қазақстанның әлеуетіне сенеді. Сондықтан Президент Жолдауының басым бағыттарын біз көшбасшылыққа бастайтын қазақстандық жол ретінде қабылдаймыз. Және «Қазақмыс» корпорациясының ұжымы экономиканың дамуы мен жеделдетілген индустрияландыру есебінен тұрақты өсімге қол жеткізетін болады. Оның бәрінде бұрынғыдай ең алдымен әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылады»,- деді.  
 Корпорацияның жас маманы Сәбит Ахметов тек қағазбасты жұмыспен ғана мәнсапқа жету міндет емес. «Біздің Нұрсұлтан Әбішұлы сынды нағыз көшбасшы еңбек ұжымында өсіп, қалыптасады. Президент Жолдауы тікелей жастарға бағытталған. Білім, еңбекпен қамту, тұрғын-үй, тұрақтылық, болашаққа арналған инвестиция»,- деді ол. Сонымен қатар С.Ахметов жастарды өндірісте жұмыс істеуге шақырды. Жезқазғандық мыс қорыту зауытының энергетик маманы Александр Свеженцев Президенттің Жолдауда көтерген еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, инновацияны енгізу мәселелерінің аса маңыздылығына тоқталды. «Президентіміздің қоғамға әрқашан нақты есептелген жобаларды ұсынатыны және әр жобада біздің әрқайсымыздың жағдайымыз қамтылған көрегенділігі таңқалдырады. Индустриалдық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы зор мүмкіндігіміз. «Қазақмыстың» кеншілері мен металлургтері бұл жұмысқа дайын». 
 Жолдауды қолдау үшін мыс қорыту зауытының ардагері Жаксылык Сарбаев та сөз сөйледі. Ол әрбір адам өз елінің игілігі үшін жұмыс істеу керек, сонда ешқандай қиыншылық болмайды дей келіп, «Біздің Президентіміз өзінің істерімен, бастамаларымен алға қарай қалай жүру керектігін көрсетіп келеді», - деп атап өтті.

Назад


2010-02-08