«Нұр Отан» ХДП және «Единая Россия» БРСП шекаралас филиалдарының Кедендік Одақ мәселесі жөніндегі аймақтық кеңесі
Орал қаласының Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мәжіліс-залында «Нұр Отан» ХДП және «Единая Россия» БРСП шекаралас филиалдарының Кедендік Одақ мәселесі жөнінде аймақтық кеңесі өтті.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.А. Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Қазақстан ТМД ынтымақтастық істерінің белсенді қатысушысы саналатындығын атап өтті. Оның дәлелі ретінде Бірыңғай Кедендік Одақтың құрылғандығын айтуға болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы 29 қаңтарда ҚР Парламенті қос палатаның бірлескен жиынында сөйлеген сөзінде «2010 жылдың 1-қаңтарынан күшіне енген Ресей және Белоруссиямен Кедендік Одақ құру бұл – барлық қазақстандық интеграциялық бастамалардың негізі»,-деді.
Кеңес жұмысына «Нұр Отан» ХДП Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстық филиалдарының басшылары, Ресей Федерациясының шекаралас 4 облысының ( Волгоград, Оренбург, Самара, Саратов) «Единая Россия» БРСП өкілдері, сондай-ақ кеден, шекара қызметі, көші-қон полициясы, азаматтық қоғам институттары өкілдері мен кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Жиынға қатысушылар кедендік одаққа кірген елдердің бизнестік-құрылым жұмыстарында баж салықтарын төмендету мүмкіндіктерін, екі жақты әріптестіктің болашағын талқыға салды. Кездесу барысында тараптар мұндай жиындарды тұрақты негізде өткізіп тұруға уағдаласты.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
2010-01-29