«Елбасы Жолдауы: жаңа тапсырмалар мен басымдықтар» тақырыбында республикалық идеологиялық семинар-жиналыс

Партияның Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП Хатшысы Ерлан Қарин «Елбасы Жолдауы: жаңа тапсырмалар мен басымдықтар» тақырыбында республикалық идеологиялық семинар-жиналыс өткізді.  
Партияның аймақтық филиалдары төрағаларының идеология мәселелері жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткен жиында Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру жөнінде партияның ақпараттық-насихаттау жұмысының негізгі бағыттары талқыланды. 
 Бастауыш партия ұйымдарының іс-әрекетінде түсіндірме жұмысының ұйымдастырылуы бойынша негізгі әдістемелік қадамдар жөнінде сөз қозғалды. 
 Президент Жолдауы шыққаннан кейін бірден өткізілген іс-шара аймақтарда аса сапалы және тереңдетілген түсіндірме жұмысын жүргізуге бағытталды. 
 Жиналыс барысында Е. Қарин «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы стратегиялық сипат беретіндігін атап өтті. «Ол бұрынғыдай даму, игілік, әл-ауқат сынды құндылықтарға негізделеді»,-деді ол. Партия Хатшысы сонымен қатар, Жолдауды халыққа жеткізудің тәсілін өзгерту қажет: «Мақсатты топтар арасында жай түсіндіру мен наихаттаудан арылып, терең талқылауға көшкен дұрыс»,-деді. 

Назад


2010-02-01