«Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалында «2009 жылғы ең үздік бастауыш партия ұйымы» сайысының жеңімпаздарын және сайыс лауреаттарын марапаттау рәсімі

«Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» ҚБ 10 жылдығына орай, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының 2009 жылғы ең үздік бастауыш партия ұйымы» сайысының жеңімпаздарын және сайыс лауреаттарын марапаттауға арналған салтанатты рәсім өткізді.  
Конкурс бастауыш партия ұйымдарының жұмысындағы белсенділікті, шығармашылықты дамыту мақсатында өткізілді. 
Бастауыш партия ұйымы – жергілікті қоғамдық және саяси жұмыстардың орталығы. БПҰ қызметін жақсарту – партия жұмысындағы басым бағыттардың бірі. 
 БПҰ түрлі азаматтық қоғам институттарымен, депутаттармен, үкіметтік емес ұйымдармен белсенді қарым-қатынас жаау арқылы қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, Халықтық тұғырнаманы орындауға, Жол картасы мен басқа да әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың іске асырылуын бақылауға белсенді қатысады.  
Облыстық филиал басшыларының қатысуымен сайыс жеңімпаздарына және лауреаттарына салтанатты түрде дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.  
Конкурстық комиссияның шешімімен төмендегілер жеңімпаздар деп аталды: 
1 орын - Ақсу қаласының «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ» бастауыш партия ұйымы, төрағасы Панасенко Александр Александрович; 
1 орын – Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің бастауыш пратия ұйымы, төрағасы Ысқақов Еркен Сейітахметұлы; 
2 орын – Павлодар қаласы Павлодар ауылының бастауыш парттия ұйымы, төрайымы Фогель Ирина Викторовна;
3 орын - Қашыр ауданы Ивановка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы, төрайымы Романишина Оксана Олеговна. 
Конкурс лауреаттары:
«Ынталы және жаңашыл» аталымы бойынша: 
- партияның Ақсу аумақтық филиалы Құркөл ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы, төрағасы Қаршыға Қабыкенұлы Шаяхметов;
- Екібастұз қаласы «Жасыбай» бастауыш партия ұйымы, төрағасы Фоминых Алексей Васильевич.
«Партияның қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқаны үшін» аталымы бойынша:  
- Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы, төрағасы Қабиден Тұрсынұлы Тұрсынов;
- Ертіс ауданы Қызылжар ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы, төрағасы Шаріпов Болатбек Кәрімұлы.
«Ынтымақтастық» аталымы бойынша: 
- Лебяжі ауданы Ямышево ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы, төрайымы Рахметова Бахытжамал Қабиденқызы;
- Май ауданы Кеңтүбек ауылының бастауыш партия ұйымы, төрайымы Батырханова Баян Жақияқызы.
«Әлеуметтік жауапкершілік» аталымы бойынша:  
- «Павлодар мұнай-химия зауыты» бастауыш партия ұйымы, төрағасы Юрий Аркадьевич Новожилов;
- Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы, төрайымы Ирина Владимировна Галлямова.
Конкурстық комиссия сондай-ақ, қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін дұрыс қалыптастыруда қосқан үлесі үшін, Павлодар қаласы №19 сайлау округінің бастауыш партия ұйымы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің партия тобын да атап өтті. 
 Студенттік филармония әртістері - облыстық және республикалық сайыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары мерекелік концерт бағдарламасын дайындады.

Назад


2010-01-26