Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының «Партияның Халықтық тұғырнамасының орындалу барысы» тақырыбында отырысы өткізілді
Партияның Сарысу аудандық филиалында «Партияның Халықтық тұғырнамасының орындалу барысы» тақырыбында отырысы өтті.
Жиынға қатысушылар «Нұр Отан» ХДП Халықтық Тұғырнамасының Сарысу ауданында орындалуын талқыға салды. Талқылау қорытындысы бойынша Халықтық Тұғырнаманың орындалуы бойынша фракцияның әрбір мүшесінің жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ сайлаушылармен ақпараттық-насихат жұмысын кұшейту туралы шешім қабылданды.
Отырысқа партияның аудандық филиалының төрағасы мен төрағаның бірінші орынбасары, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі, облыстық, аудандық мәслихатының депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
2010-01-21