Алдағы 10 жылдықтың негізгі міндеттері халықтың әлеуметтік қорғалуы және өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады

Алдағы 10 жылдықтың негізгі міндеттері халықтың әлеуметтік қорғалуы және өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Назарбаев 29 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында айтты.  
 «Мемлекет тарапынан 2020 жылға қарай ел халқының санын 10 пайызға арттыру үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Мемлекеттік-әлеуметтік саясаттың басым бағыты халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылату болып табылады. Сондықтан мен мынадай тапсырмалар жүктеймін: 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан, ал күнкөрістің төменгі көрсеткішінен табысы төмен халықтың үлесі 8 пайыздан аспауы керек»,- деді Жолдауында Елбасы.
  Сонымен қатар әлеуметтік көмек тек қана мұқтаж азаматтарға көрсетілуі керектігін баса айтқан Мемлекет басшысы «2015 жылы базалық зейнетақы төлеу көлемі күнкөрістің төменгі деңгейі мөлшерінің 60 пайыздық межесіне дейін арттырылуы, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 2010 жылға қарағанда 1,2 есе ұлғайтылуы тиіс», - деді.

Назад


2010-01-29