Қазақстанда таяу онжылдықтағы тұрақты даму ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру және әртараптандыру шарттарының есебінен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда таяу онжылдықтағы тұрақты даму ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру және әртараптандыру шарттарының есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Елбасы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 29 қаңтарда Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында мәлімдеді. 
 «Біз 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға кірістік. Біз қандай жағдайда да кенжелеп қалмауымыз қажет», - деді партия Төрағасы. 
 «Ол үшін біз не істеуге тиіспіз? Бірінші - экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау, екінші - серпінді индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты дамуына қол жетізу. Үшінші - бәсекеге қабілетті адами капитал алу үшін келешекке белсенді инвестиция жасау, төртінші - Қазақстан азаматтары үшін сапалы әлеуметтік, тұрғын -үй, коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ету. Бесінші - ұлтаралық келісімді бекіте түсу, халықаралық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту», - деді Н. Назарбаев. 
  Президенттің айтуынша, «жақын онжылдықтағы тұрақты әрі тепе-тең даму ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру және әртараптандыру шарттарының есебінен қамтамасыз етіледі».
 Сондай-ақ, «аса маңызды мақсаттардың бірі - еңбек өнімділігін кешенді түрде өсіруге саяды», - деді мемлекет басшысы.

Назад


2010-01-29