«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Девид Моранмен кездесуі өтті

Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Девид Моранмен кездесуі өтті. 
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаев пен Ұлыбританияның премьер-министрі Г. Браунның арқасында Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің арасында тығыз іскер қарым-қатынас орнағанын атап өтті. 
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин партия қызметінің басым бағыттары, оның ішінде партияаралық әріптестікті нығайту туралы айтып берді.  
«Нұр Отан» ХДП Азияның, Еуропаның, Американың көшбасшы партияларымен байланыс орнатып, Қазақстан Республикасында аккредиттелген Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ сынды халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы шығыстағы ең беделді ұйымдардың бірі – Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы, Бас Ассамблеясының төрағасы саналады.  
Өз кезегінде Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басталғандығымен құттықтады. 
Нұрлан Нығматулин, ЕҚЫҰ-ға Төрағалығы аясындағы Қазақстанның миссиясы туралы айта келіп: «2010 жылы Қазақстан үшін аса маңызды. Еуразиялық мемлекеттер тарихында тұңғыш рет – Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуде. Бұл ең алдымен біздің еліміздің Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғары халықаралық беделінің арқасы»,- деді. 
Сондай-ақ қаңтар айының соңында болатын Ауғанстан жөніндегі Халықаралық конференция туралы да әңгіме өрбіді. 
Сонымен қатар тараптар екі ел мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқыға салды.

Назад


2010-01-26