«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының жиналысы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының Жиналысы болып өтті. Жиналысқа партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты.
Отырыста Фракцияның Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын, сондай-ақ партияның кезектен тыс ХІІ съезінде және төртінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясын ашарда жүктеген міндеттерді орындауы талқыға түсті.
2009 жылғы парламентарилер қызметінің маңызды бағыты нарықты экономиканы нығайту, әлеуметтік саланы дамыту, мемлекеттік басқару жүйесі мен азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге бағытталған заңдарды қарау мен қабылдау жұмыстарын одан әрі жалғастыру болды.
Атқарылған заң шығарушылық жұмыстардың арқасында базалық макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Банк саласы, қозғалмайтын мүлік нарығы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен қомақты қаржылай қолдау тапты.
2009 жылы депутаттар-Фракция мүшелерінің белсенді қолдауымен Парламент Мәжілісі барлығы 113 Қазақстан Республикасының заң жобаларын қарап, мақұлдап шықты. Олардың ішінен бүгінгі күнге 90 аса заңнамалық акт Заң күшіне енді.
Қаралып, мақұлданған 31 заң жобасы «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасының негізгі ережелерін іске асыруға бағытталған.
Елбасы, партия Лидері Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Фракция партияның Халықтық тұғырнамасын, Дағдарысқа қарсы бағдарламаны, Жол картасын орындау мәселелері бойынша Үкіметтің есебін жүйелі түрде тыңдап келеді.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин депутаттардың алдында сөйлеген сөзінде, «Нұр Отан» ХДП Фракциясы -партияның саяси авангарды және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес партия және оның фракциясы ел дамуының жаңа кезеңіне дайындық жұмыстарының басында жүруге тиіс екендігін атап өтті.
2010 жылдың 1-қаңтарына арналған есеп бойынша 6 616 бастауыш партия ұйымына біріккен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны 783 642 адамды құрады. Партия құамындағылардың саны өскен сайын сапасы да арта түсті.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары ішкіпартиялық тәртіпті күшейту мен тұрғындармен жүргізілетін жұмысты жандандыруға айрықша назар аударды.
«Қазіргі біздің барлық істеріміз әсіресе өңірлерде партиялық жұмысты күшейтуге бағытталуы керек. Партия белсенділігі тек орталық деңгейде жұмылдырылып қалмауы тиіс. Күш аймақтарға ауыстырылады. Еліміздің Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүктеген басым бағыттарды тиімді жүзеге асыру үшін біздің әрқайсымыз жекелеген жауапкершілікті сезінуіміз керек.
Әрбір филиалдың, әрбір бастауыш ұйымның, әрбір нұротандықтың кім болса да мейлі министр, әкім, депутат, мұғалім, дәрігер мейлі студент болсын нәтижелі жұмыс атқарғаны маңызды.
Қазіргі таңда дәл осы жағдай аймақтық, аумақтық, филиалдардың, бастауыш партиялық ұйымдардың, депутаттық фракцияның тиімділігін бағалаудың алғы шарты болмақ»,- деді ол.
Фракцияның 2010 жылғы атқаратын жұмыстарына тоқтала келе, Нұрлан Нығматулин Елбасының жүктеген төмендегі міндеттеріне тоқталып өтті, олар:
- Парламент қабылдап жатқан заңдардың сапасын арттыру, әсіресе олардың Конституцияға сәйкестілігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылығын күшейту;
- маңызды үш бағыт: қауіпсіздік, экономикалық-экологиялық, адамдық өлшемдер мәселелері бойынша ЕҚЫҰ стандарттарын есепке ала отырып ұлттық заңдылықты қалыптастыру;
- әзірленген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары мен бесжылдық 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын заңнамалық қамтамасыз бойынша шаралар қабылдау;
- ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының арасында өзара тығыз байланыс орнату.
2010-01-22