«Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы үлгісінде тұрғындардың өзін-өзі еңбекпен қамтуының жағдайы туралы» «Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанынан құрылған Әлеуметтік кеңес дөңгелек үстел өткізді
«Нұр Отан» ХДП Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымы Дамыту Әйелдер Қорының ықпал етуімен «Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы үлгісінде тұрғындардың өзін-өзі еңбекпен қамтуының жағдайы туралы» дөңгелек үстел өткізді.
Кездесудің басты мақсаты - ЮНИФЕМ-нің техникалық және қаржылай қолдауымен Әлеуметтік-экономикалық дамуға мониторинг жасау мен баға беру институты жүргізген «Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы үлгісінде тұрғындардың өзін-өзі еңбекпен қамтуының жағдайы туралы» алғашқы зерттеу нәтижелерінің тұсаукесерін өткізу.
Тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамту проблемаларын зерттеуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия бастама жасаған.
Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.
2010-01-19



