«Спортты сүйер Қазақстан үшін» атты республикалық акцияcы
«Нұр Отан» ХДП бастамасымен «Спортты сүйер Қазақстан үшін» атты республикалық акция басталды.
Аталмыш акцияны өткізудің басты мақсаты - дене шынықтыру және спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салты ұстанымдарын нығайту, «Нұр Отан» партиясының және «Жас Отан» ЖҚ қызметінің басымдылық бағыттарының бірі болып табылатын тұрғындардың ауқымды топтарын жүйелі түрде дене шынықтыру жаттығуларына жұмылдыру, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруға атсалысу. «Жас Отан» ЖҚ қысқы спорт түрлерін насихаттауға да көп көңіл бөледі.
Акцияны өткізу барысында барлық облыстар бойынша спорттың көптеген түрлерінен спартакиадалар, жүгірістер, турнирлер, және келесі спорт түрлерінен: футзал, воллейбол, үстел теннисі, дзюдо, грек-рим күресі, «Көңілді старттар», стритбол, дартс, армрестлинг, шағын-футболдан жарыстар ұйымдастырылды.
Жалпы спорт түрі ретінде қысқы ойындарды насихаттау мақсатында коньки тебу спортынан және шайбалы хоккейден жарыстар өткізілді.
Спорттық шаралар баспасөз-конференциялардан басталып, негізгі спорттық шаралардан кейін мұзды-шоу және мерекелік концерттерге ұласты. Жарыстардың нәтижелері бойынша үздік спортшылар «Үздік шабуылшы», «Үздік бомбардир», «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы» номанациялары бойынша марапатталды. Жеңімпаз иелеріне салтанатты концерт арналды. Барлық қатысушылар, жүлдегерлер және жеңімпаздар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды
Акцияға жалпы алғанда республика бойынша 3500-ден астам адам қатысты.
2010-01-14



