«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландтың кездесуі өтті

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының кеңсесінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мен Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландтың кездесуі өтті.
 Тараптар «Нұр Отан» ХДП мен АҚШ-тың саяси институттары арасында тығыз іскерлік байланыс орнатылғандығын атап өтті. «Нұр Отан» партиясының делегациясы АҚШ-тың Демократиялық партиясы съезінің жұмысына қатысты, кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі саяси процестер жөніндегі АҚШ-тың жетекші мамандарымен кездесулер өткізілуде. Қазақстан Республикасында демократиялық принциптерді одан әрі дамыту мақсатында «Нұр Отан» партиясы Ұлттық Демократиялық және Халықаралық Республикалық институттар сияқты ұйымдардың тәжірібиесін, әсіресе, осы заманғы саяси және әлеуметтік технологиялар саласында партиялық құрылыс мәселелерін зерттеуде.
АҚШ Елшісі Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі еліміз үшін маңызды оқиға екендігін атап өтті.
 Бұған қоса, одан арғы ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды.
 Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты серіктестік одан әрі бірізді дами түсеріне сенім білдірді.

Назад


2010-01-19