«Нұр Отан» ХДП жариялаған жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының арасында өткен байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП жариялаған жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының арасында өткен байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі болып өтті. 
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин сайыс жеңімпаздары мен лауреттарын марапаттады. 
Марапаттау рәсімін ашу кезінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин былай деді: «Мемлекет Басшысы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жемқорлықпен күрес негізгі, басымды жұмыс бағыттарының бірі екендігін анықтап берді. Мемлекет Басшысының сөздері естеріңізде, жемқорлық әлеуметтік зұлымдық секілді, оны құқық қорғау органдарының күштерімен жеңу мүмкін емес, кез келген жемқорлық көріністеріне азаматтардың ұғымында абсолютты төзімсіздікті қалыптастыру қажет. Бұл үшін тұрақты түрде БАҚ жемқоролыққа қарсы ауқымды насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет». 
 Н. Нығматулин негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін жемқорлыққа қарсы жалпы халықтық қозғалысты құруда партия әр түрлі формалар мен әдістерді пайдаланатынын атап өтті. Өткен жылы құрылған Жемқорлыққа қарсы медиа-орталық жарты жылда жемқорлық фактілері бойынша 20 журналистік тергеулер жүргізді. Қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру үшін қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары үлкен әлеуетке ие болғандықтан екінші жыл қатарымен партия ұйымдастырып отырған журналистер арасындағы байқау тиімді әдістердің бірі болып отыр. 
Сонымен қатар, екінші реткі байқау республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің аса қызығушылығымен өтті. Байқауға 64 қатысушы қатысты, беделді қазылар алқасының қарауына 136 жұмыс ұсынылды, алдынғы байқаумен салыстырғанда үштен бір бөлікке көп.  
Яғни, алғашқы сайысқа 22, екінші сайысқа 39 БАҚ өкілдері қатысты.  
Қазылар алқасы жеңімпаздар мен лауреаттарды 3 аталым боынша анықтады. Олар: «Баспа БАҚ ең үздік жарияланымдар», «Ең үздік бейнесюжет/телевизиялық бағдарлама», «Ең үздік журналистік тергеу» Жемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды ең үздік жариялау және жан-жақты ашу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арасында өткен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы байқауының 2009 жылғы жеңімпаздары мен лауреаттары болып төмендегілер танылды: 
«Ең үздік бейнесюжет/телевизиялық бағдарлама» номинациясы бойынша
1-орын: Двойнев Дмитрий Анатольевич – арнайы репортаждары үшін «Қазақстан» телеарнасының журналисі; 
2-орын: «Жемқорлыққа жол жоқ!» бағдарламасындағы «Нұр Отан» ХДП-ның жемқорлыққа қарсы шаралары» сериясы үшін «Хабар» агенттігі» АҚ шығармашылық ұжымы;
3-орын: «Халық сараптамасы» ток-шоу бағдарламасындағы бейнесюжеттер үшін «Алау - ТВ» ЖШС «Телевизиялық жаңалықтар редакциясы» бағдарламасының шығармашылық ұжымы;
 «Баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарияланым» номинациясы бойынша 
1-орын: Выборнова Галина Муратовна – мақалалар сериясы мен журналистік тергеулер үшін «Время» газетінің Жамбыл облысы бойынша жеке тілшісі;
2-орын: Тасболатов Александр Зұлқарнайұлы – мақалалар сериясы үшін «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің журналисі;
3-орын: Гурский Олег Владимирович – мақалалар сериясы үшін «Костанайские новости» аймақтық газетінің тілшісі.
«Ең үздік журналистік тергеу» номинациясы бойынша 
1-орын: бейнесюжеттер сериясы үшін Алманов Нұрбол Мейірханұлы, Серімова Айнұр Абайқызы, Атамбай Ерлан Нұрбайұлы құрамындағы «Астана» телеарнасының «Ақиқат алаңы» бағдарламасының шығармашылық ұжымы;
2-орын: Бредихина Татьяна Петровна – «Казахстанская правда» республикалық газетінің Құқық бөлімі редакторының орынбасары;
3-орын: журналистік тергеулер сериясы үшін «Central Asia Monitor» газетінің (редакторы Б.К. Ғабдуллин) шығармашылық ұжымы.
«Ең үздік журналистік тергеу» номинациясының лауреаттары: 
Әлібаев Сапарғали Сәрсебекұлы - «Ақ жол» Жамбыл облыстық газетінің журналисі;
Әлдібаев Нұрбол – «Жетісу» Алматы облыстық қоғамдық-саяси газетінің бөлім меңгерушісі;
Әубәкіров Хамит – «Атырау» газетінің журналисі;
Қапешов Нұрбол – «Астана» телеарнасының журналисі;
Сыздықова Сәния Рәшитқызы – Павлодар облысы «Ақсу толқыны» радиохабары редакциясының «Человек и закон» радиожурналының авторы;
Садыхан Мағжан – «Дала мен Қала» газетінің журналисі;
Шипунов Валентин – «Социум Подробности» газетінің журналисі (Қарағанды облысы);
Марченко Юлия - редактор және Теңізбаева Мая, Шамбаева Гүлмира – тілшілер құрамындағы «Таң» ТРК «Центр» бағдарламасының шығармашылық ұжымы «И снова комитетом по коррупции», «Коррупция на дорогах, NET!» бейнесюжеттер сериясы үшін;
«Коммерциялық телевизиялық арна» коллективінің ұжымы промороликтер сериясы үшін;
Байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары дипломдармен және 1-орынға 200 мың, 2-орынға 150 мың, 3-орынға 100 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқау лауреаттарына 50 мың теңгеден берілді. 
Сөз соңында Н. Нығматулин: «Біздің жұмысымыздың қарқынын арттыра түсетіндіктен осындай әрбір кездесу тиімді. Шындығында жемқорлық көріністерімен күресу өте қиын. БАҚ арқылы ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етіле бастағаннан бері жауапкершіліктен қашып, жіберілген кемшіліктер үшін жауапсыздық танытатындардың іс-әрекетіне шек қойылды. Осы ретте бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор. Бұл бағытта біз бірігіп, жұмыс істегеніміз жөн.


Назад


2010-01-18