Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ли Бён-хвамен кездесуі

Партияның Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ли Бён-хвамен кездесті. 
 Кездесу барысында бірқатар мәселелер кеңінен талқыланды. 
 Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партия алдына қойған негізгі міндеттері, елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде партияның жүргізіп жатқан саясаты, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, Парламенттегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жұмысы, партияаралық байланыстарды дамыту туралы хабардар етті. 
 Өз кезегінде Корея Елшісі Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығының басталуымен құттықтады және бұл Азия құрылығындағы елдер үшін үлгі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ Елші «Нұр Отан» ХДП делегациясын осы жылдың көктемінде Корея Республикасына шақырды. 
 Сонымен қатар, тараптар «Нұр Отан» ХДП мен «Ханнара» Ұлы ұлттық партиясының арасындағы, сондай-ақ Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының Бас ассамблеясының шеңберінде қалыптасқан тығыз байланыстарды атап өтті. 2009 жылғы тамызда «Нұр Отан» ХДП мен «Ханнара» ҰҰП арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы мәселе көтерілді және Қазақстан мен Корея арасындағы екі жақты серіктестіктің одан әрі дамуына сенімділіктерін білдірді.

Назад


2010-01-12