Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» Республикалық акциясының бастау алуы
«Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалында арнайы брифинг өтіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ардагерлерді ардақтайық» Республикалық акциясының басталғаны туралы ресми жарияланды. Брифингкке облыстық филиалдың басшылығы, облыстық, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің өкілдері, Ауғанстан соғысының мүгедек ардагерлері, мемлекеттік органдардың, қоғам, БАҚ өкілдері қатысты.
Брифингтен кейін өткен жиналыста «Нұр Отан» ХДП бастамасымен өткізілетін шараның уақытында қолға алынғаны, айтулы датаны абыроймен атап өтуге бағытталған жауапты және қызығушылық танытқан органдардың барлық күш-жігерін тез арада жұмылдыруға ықпал жасалатыны айтылды. Жиналғандар патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында жоғарыдағы шараларға жастарды тарту қажеттілігі жөнінде ерекше атап өтті.
Облыстық Жеңіс қорын құру аясында соғыс және тыл ардагерлеріне тиісті көмек көрсету, түрлі патриоттық акцияларды ұйымдастыру үшін партия филиалы мен оның құрылымдық бөлімшелері жергілікті жерлерде аталмыш қорға қаражат жинау мақсатында ақпараттық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Осы ретте атқарылатын жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ететін Қамқорлық кеңесінің жұмысын БАҚ-да кеңінен көрсетуді үйлестірген жөн.
Іс-шаралар кезінде ардагерлерге медициналық және әлеуметтік көмектен басқа ескерткіштерді жөндеу, ардагерлер Үйін бақылауға алу, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері қатысатын «тимурлықтар» қозғалысын жан-жақты дамыту жоспарланған.
2010-01-11



