1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған «Ардагерлерді ардақтайық» Республикалық акциясы

2010 жылдың 11 қаңтарында «Нұр Отан» ХДП бастамасымен 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлау қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» Республикалық акциясы басталды. 
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізудің мақсаты- тыл еңбеккерлері мен майдангерлерге қажетінше көңіл бөліп, қазақстандықтарды аға буын өкілдерінің ерліктерін дәріптеуге шақырып, өскелең ұрпақты үлкендерге сый-құрмет көрсетуге баулу болып табылады.  
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы барысында «Нұр Отан» ХДП белсенділері соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері тұратын үйлерді аралайды. Көмек ретінде азық-түлік пен естеліктер таратылып, әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы сұрақтардың шұғыл түрде шешілуі бойынша қажетті шаралар қабылданады. 
«Жас Отан» Жастар қанаты мен «Нұр Отан» ХДП өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштерді тексеру жұмыстарымен айналысады. Акция барысында қайта қалпына келтіруді қажет ететін тарихи нысандарға техникалық аудит, оларға тиесілі жерлерге қосымша көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің суреттері мен өмір баяндары жазылған Құрмет тақтайшаларын қайта орналастыру шаралары жүргізіледі.
«Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдарының кеңселерінде соғыс ардагерлерінің жергілікті партия активімен кездесулері өткізіліп, майдангерлердің құрметіне мерекелік концерттер ұйымдастылырып, сыйлықтар тарту етіледі. 
  «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы 2010 жылдың алғашқы жарты жылдығында барлық жерлерде өтеді.

Назад


2010-01-11