Партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Дарханбек Жанділдин брифинг өткізді

Партияның Орталық аппаратында қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Дарханбек Жанділдин брифинг өткізді. Брифинг 2009 жылдың жұмыс қорытындыларына арналды. 2009 жылы қоғамдық қабылдау жұмысының негізгі бағыттары өтініштермен жұмыс, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекетке арналды. 2009 жылы партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 67 973 өтініш келіп түсті, олардың 32 006-сы жазбаша өтініштер. Түрлі мәселелер бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп жатқан азаматтардың және жазбаша өтініштердің саны жыл сайын серпінді өсіп келе жатқанын партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына жасалған талдау көрсетіп отыр. Салыстыру үшін: партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2005 жылы барлығы 4,6 мың, 2006 жылы – 7,2 мың, 2007 жылы – 35 мың (оның ішінде 31,4 электоралды кезеңде), 2008 жылы - 41,7 мың, 2009 жылы 67,9 мың өтініш түкені айтылды. Жалпы, кеңес беру барысында көтерілетін мәселелердің сипаты сақталып келеді. Өткен жылдардағыдай, тұрғын үй мәселесі өтініш беруші азаматтар жиі көтеретін мәселесі болып табылады. «Өзге де мәселелер» санаты 14% құрайды, бұған әкімдіктердің құзіретіне кіретін әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалмауы мәселелері жөніндегі шағымдар жатады. Өтініштердің денін еңбекпен қамту (8 пайыз) және сот шешімімен келіспеу (5 пайыз) мәселелері құрайды. Осы жұмыс бағыты бойынша аталмыш мәселелерді шешу құзіретіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қабылдаулар жүргізуде. Нәтижесінде келіп түскен жазбаша өтініштер бойынша мәселелерді шешу бойынша нақты шаралар қолданылып келеді. Есеп беріліп отырған кезеңде партия орталық аппаратының қабылдау бөлмесінде мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауының кестесіне сәйкес мемлекеттік органдар басшыларының 14 қабылдауы өтті. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен бірлесе отырып өткен 1 426 көшпелі қабылдаулардың барысында аймақтық сипаттағы көптеген мәселелер анықталды. Филиалдардың барлығында жүргізілетін ақысыз заңгерлік кеңестер қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысының сұранысқа ие бағыты болып отыр. Партияның қабылдау бөлмелерінде азаматтар түрлі мәселелер бойынша күнделікті кеңес алады. Сондай-ақ, жыл басынан бері аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің барлығында түрлі деңгейдегі депутаттар 8 857 қабылдау жүргізіп, 1 171 «Ашық есік күндері» өтті. Партияның Орталық аппаратында кестеге сәйкес 2009 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары 73 қабылдауды жүзеге асырып, 763 адамды қабылдады. Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен өзара тығыз қарым-қатынас орнатылған. Нәтижесінде Бас прокуратура мен оның аймақтық құрылымдары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі мен жергілікті жерлердегі тиісті департаменттері, Жоғарғы соттың Сот әкімшілігі комитеті мен жергілікті сот әкімшіліктері, Қаржы полициясының органдары, әкімдіктер сияқты мемлекеттік органдар, барлық деңгейдегі депуттар азаматтардың өтініштерін қарау жұмысына белсенді жұмылдырылып келеді. Осы жылы құқық қорғау құрылымдарының өкілдерімен өзара бірлескен жұмыстар атқарылды. Оның ішінде, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетімен «Жолдағы қабылдау бөлмесі» жалпы республикалық 3 кезеңді акциясы іс-шараларын өткізуге бастама жасалды. Партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінің өкілдері дөңгелек үстел жұмыстарына, тұрғындармен өзара байланыс, адам құқын қорғау мәселелеріне байланысты жиындарға қатысады.

Назад


2009-12-29