Еңбегі сіңген интернационалист - ардагерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында әскери және қызметтік парызын адал орындаған, батыл және қайсар, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде өзін көрсете білген, еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтқан, еңбегі сіңген интернационалист - ардагерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Рәсім Тәуелсіздік күні мен Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл толуына арналған кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Ауғанстан және Қазақстан Республикасының жергілікті соғыс ардагерлері Одағымен бірлесіп өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің мәртебесін көтеріп, Отан қорғаушылардың игілікті және батыл қадамдарын насихаттау, өскелең ұрпақты интернационалист - ардагерлердің ерліктеріне тәрбиелеу.
«Нұр Отан» ХДП хатшысы Сергей Громов «Айбын» орденін Қазақстан Республикасының Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Александр Аздравинге және Қазақстан Республикасының Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының Жезқазған қаласы бойынша төрағасы Рафик Қазбековке тапсырды.
Марапаттауларды тапсырған С. Громов бүгінде интернационалист – ардагерлердің жастарды партиоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған бейбіт өмірде атқарып келе жатқан істерін атап өтті.
2009-12-22