«Нұр Отан» ХДП Инновациялық комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Б.Т. Әбдішевтің қатысуымен өткен брифинг
Партияның Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП Инновациялық комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Б.Т. Әбдішевтің қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг барысында 2009 жылы партия Халықтық тұғырнамасының іске асырылу мониторингісіне алдын-ала жасалған нәтижесі қоса енгізілген 2009 жылғы Инновациялық комитеті қызметінің қорытындысы баяндалды.
Халықтық тұғырнаманың көптеген индикаторларының позитивті өскенін атап өткен жөн. Халықтың номиналды ақшалай табысы 2007 жылмен салыстырғанда 33,5% немесе іс жүзінде 1,4 есеге, номиналды орташа айлық жалақы 29,5 % немесе іс жүзінде 1,3 есеге өсті.
Халықтық тұғырнамада әлеуметтік мәселелерді іске асыруға ерекше көңіл бөлінген. Денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 557,4 млрд. теңгені құрайды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. ГОБМП көрсетілген қызметтер шығынының жалпы сомасы 290, 9 млрд. теңгені құрайды, 2007 жылмен салыстырғанда 48,9% өскен. Республикалық бюджеттің қаражатынан 55 денсаулық сақтау нысаны салынған.
Зейнетақының орташа көлемі (базалық төлем есебінсіз) 2009 жылы 17404 теңгені құрайды және 2007 жылмен салыстырғанда 60,8% немесе 1,6 есеге өскен.
Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін партия ерекше бақылауға алған. Әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 13430 теңгені құрайды және ол 2007 жылмен салыстырғанда 49,8 % немесе іс жүзінде 1,5 есеге өсті.
Жыл сайын білім беру саласына шығындар көбеюде. 2009 жылы білім беру саласына шамамен 782,5 млрд. теңге бөлінген, бұл 2007 жылдың шығындарына қарағанда 50,4% немесе 1,5 есеге көп.
2009-12-21