«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Жаңаөзендегі нысандарды қалпына келтіру, сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуді өз бақылауына алуды көздеп отыр. Бұл туралы партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин осы қалада болған кезде мәлімдеді.
«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық штабы мүшелері сайлауалды науқан шеңберінде Ақтауға келді. Олар «Маңғыстаумұнайгаз» кәсіпорны мұнайшыларымен және халықаралық теңіз порты жұмысшыларымен сайлау тұғырнамасының қағидаларын талқылады. Кездесулердің қатысушылары Президенттің және ол басқаратын «Нұр Отан» партиясының Қазақстанның бүгіні мен болашағындағы ерекше рөлін атап өтті.
Қазіргі уақытта «Маңғыстаумұнайгаз» еліміздегі мұнай өндіретін ең ірі кәсіпорынның бірінен саналады. Өңірде алынатын мұнайдың үштен бір бөлігі және республика бойынша өндірілетін мұнайдың 8 пайызы «Маңғыстаумұнайгазға» тиесілі. Бүгінгі таңда кәсіпорында жаңа технологиялар жаппай енгізіліп жатыр, жұмысшыларға лайықты әлеуметтік көмек көрсетіледі. Көмірсутектің әрбір тоннасын өндіру - бұл жұмысшылардың үлкен еңбегі екені сөзсіз. Мұнайшылар нұротандықтармен бүгінгі кездесуі барысында ел Президенті мен оның партиясының бағытын толық қолдайтындарын жеткізді.
Кәсіпорын жұмысшылары мемлекетімізде болып жатқан оң өзгерістердің барлығына өздері куә болып жүр. Сондықтан олар, Елбасы бағытын жалғастыру үшін, тұрақтылық үшін, «Нұр Отанды» қолдайды.
Нұротандықтар өздерінің алдағы 5 жылдағы маңызды бағыттарын сөз етті. Олар республикалық және облыстық бюджеттерді қалыптастыру кезінде, заң шығару кезінде, сонымен бірге, дамуға арналған салалық бағдарламаларды әзірлеу кезінде негізгі бағдар болады дейді нұротандықтар.
Ал ол бағыттар білім мен ғылым, денсаулық, инновациялық экономика, қазақстандықтар табысының өсуі, қазақстандықтардың өмірлік маңызды мақсаттарын - балалы болуға, лайықты қарттыққа сенімді болуға, жеткілікті жағдайда өмір сүруге негізделген жаңа әлеуметтік экономика.
Халықаралық Ақтау теңіз портында өткен кездесу барысында инновациялық экономикаға өту мәселесі сөз болды.
Нұротандықтар экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 6-8% дейгейінде қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Ол үшін «болашақтың инновациялары» серпінді нүктелерін дамытуға, осы негізде Қазақстанның индустриялық кластерлерін жаңғыртуға және оларды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға ұмтылуда. Инновациялық индустрияландырудың маңызды шарты -инфрақұрылымды дамыту. Бұл алдағы бес жылда халықаралық әуе қатынастарының санын 2 есеге ұлғайтып, 400км -ден астам жаңа темір жол салу деген сөз. Бұл мақсаттардың барлығына ел бірлігін, бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып қана қол жеткізуге болады дейді нұротандықтар. Партиялықтардың айтуынша, дәл осы басты құндылықтарымыз еліміздің бүгінгі және болашақ табыстарының негізі.
«Бүгінгі Маңғыстау облысында болған кездесулер көрсеткендей, қазір бұл аймақта жағдай тұрақты, өз қалпына келді. Сонымен бірге, Маңғыстау облысының халқы - мұнайшылар да, теңіз порты қызметкерлері де біздің басты байлығымыз - бейбітшілік пен тұрақтылық екенін жақсы түсіне отырып, осы жолда тек қана Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айналасына бірігу керек деп есептейді»,- деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин.
2012-01-10



