Нұротандықтар сайлауалды тұғырнаманы Түркістанның сайлаушыларымен талқылады
Нұротандықтар сайлауалды тұғырнаманы Түркістанның сайлаушыларымен талқылады
«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық штабы үгіт науқаны шеңберінде қазақстандықтардың рухани өмірінде ерекше орын алатын Түркістан қаласына келді. Сондықтан нұротандықтар үшін осы кездесудің айрықша маңызы бар.
Сайлауалды тұғырнаманы талқылау үшін және толғандыраты сауалдарына жауап алу үшін жергілікті Мәдениет үйіне қала тұрғындары мен жақын орналасқан ауыл адамдары келді. Бағдарламалық құжатта ауыл және әлеуметтік сала мәселелеріне жақсы назар аударылғанын атап өтті.
«Нұр Отан» ауылды қолдауға арналған бірқатар бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырып келеді. Ол еңбекпен қамту және ауыл кәсіпкерлігіне қолдау көрсету. Ал партияның «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру жалпы еліміз бойынша 14 мыңнан астам мұғалімдер мен дәрігерлерді ауылға тартуға ықпал етті. Бұл бағдарлама одан әрі кеңейтіліп, ауыл басқа да сала мамандарымен толықтырлатын болады.
Партиялықтар біздің басты мақсатымыз қай жерде тұратынына қарамастан қазақстандықтардың өмір сапасын бірдей деңгейге көтеру дейді. Қазіргі уақытта ауылды жерде Қазақстан тұрғындарының тең жартысы мекен етеді. Сол үшін «Нұр Отан» партиясы агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту, кәсіпкерлікті қолдауды көздеп отыр. Ауыл кәсіпкерлеріне 5 жылға, 3 миллион теңгеге дейін шағын несиелер беру көзделген. Сонымен қатар, партия ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытатын болады.
Алдағы 5 жыл ішінде Партия ауылдық мекендерднің 65 пайызын орталық сумен қамтамасыз ету проблемарын шешуді қарастырады.
Сонымен қатар, жергілікті жолдарды жаңалау саясатын жалғастырады.
Елбасы, партиямыздың Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылды жерлерде балабақшалар желісін дамытады.
Ауыл тұрғындарын сапалы біліммен қамтамасыз ету мақсатында электронды және дистанциялық оқытуды кең түрде еңгізуді көздейді.
Партия төрағасының бірінші орынбасары және республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин айтап өткендей, оның басты мақсаты - гүлденген мемлекетте әрбір қазақстандықтың лайықты өмірін қамтамасыз ету. Бұл - Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясын нақты іске асыратын құжат.
Ақсақалдар мен ардагерлермен болған кездесудің Тарихи-мәдени-этнографиялық орталықта өткізілгені кездейсоқтық емес. Түркістан - көптеген ұлы адамдардың туған мекені, осы қасиетті өңірден тарихымызда жарқын із қалдырған дарынды азаматтар шыққан. Нұротандықтар партия әрдайым мәдени және рухани салаларға баса назар аударатынын айтты. Құндылықтардың негізі жайлы аға буын өкілдері де сөз сөйледі.
Түркістандықтар Президентіміз және «Нұр Отан» партиясы алған бағыт бойынша алға жылжуды таңдады. Ақсақалдар «Нұр Отанның» жеңіске жетуін тілеп, өз баталарын берді.
2012-01-07



