Нұротандықтар Оңтүстік Қазақстан облысы сайлаушыларымен кездесті
Нұротандықтар Оңтүстік Қазақстан облысы сайлаушыларымен кездесті
«Нұр Отанның» республикалық қоғамдық штабы мүшелері үгіт науқанын жалғастыруда. Бүгін олар Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Партияның сайлауалды Тұғырнамасының негізгі аспектілерін штаб мүшелері студенттер, жастар, шаруа және фермерлік қожалықтар өкілдерімен кездесуі барысында талқылады.
«Жастар жетістігі - ел жетістігі» делінген «Нұр Отанның» Тұғырнамасында. Және де бұл сөздер нақты жобалармен толықтырылған. Олардың ішінде «Дипломмен-ауылға!», «Жастар кадрлық резерві» және тағы басқа партиялық бағдарламалар. Жұмыспен қамту стратегиясы және үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтуға және қайта оқуға көмектесіп отырады. Партия экономиканы және елді басқаруға жастарды көптеп тартуды көздеп отыр.
Тұғырнамада жазылғандай, таяу арадағы 5 жылда болатын өзгерістер жоғары біліммен қатар техникалық білімге де әсер ететін болады. Бұл сала әлемдік білім кеңістігіне енуі тиіс.
Бүкіл еліміз бойынша білім-ғылымның үздік технологиялары енгізіліп, бала-бақшадан университетке дейін сапалы қол жетімді біліммен қамту көзделген. Ал мұғалімдердің орташа жалақы көлемі, жеке меншік сектордағылардың орташа жалақысымен теңесетін болады.
Нұротандықтардың келесі кездесуі Сайрам ауданындағы «Шымпласт» кәсіпорнында өтті. Бұл жемістерді өсіру және оларды консервілеу бойынша жылыжай шаруашылығы болып табылады. Жылына 220 мың банкіленген өнім шығарады. Бұл жерде жаңа технологиялар енгізіп, өндірісті жаңғыртуда. Бұл бағыт партия тұғырнамасының басты басымдықтарының бірі. Нұротандықтар бұл жерде кәсіпорын ұжымымен ғана емес, сондай-ақ шаруа және фермерлік қожалықтар өкілдерімен кездесті.
Кездесуді қорытындылай келіп, партия Төрағасының бірінші орынбсары, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин, біз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін, халқымыздың жайлы өмірі үшін не керек екенін және оған қалай жетуге болатынын жақсы білеміз. Осы үлкен мақсаттарымызды әрбір азаматқа, әрбір отбасына түсіндіріп, олардың қолдауына ие болып жүрміз. Сондықтан, 15-ші қаңтарда бүкіл халқымыз тек қана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың партиясы «Нұр Отанға» дауыс береді деген сенім зор,-деп атап өтті.
Кездесу нәтижесі көрсеткендей, еліміздің ірі облыс сайлаушылары партия алдына қойған мақсаттарын орындайды, себебі, оны халық қолдайды,-деп санайды. Оңтүстік қазақстандықтар да тек қана «Нұр Отан» үшін!
2012-01-06



