Ақтөбе облысының ірі кәсіпорын қызметкерлері «Нұр Отан» партиясын қолдауға арналған митинг өткізді.
Ақтөбе облысының ірі кәсіпорын қызметкерлері «Нұр Отан» партиясын қолдауға арналған митинг өткізді.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының республикалық қоғамдық штаб мүшелері еліміз аймақтарында сайлау науқандарын жалғастыруда. Осыған байланысты олар бүгін Ақтөбе облысына келді.
Бұл жерде полиэтилен құбырларын шығаратын «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» зауыты жұмысшылары мен ірі кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен митинг өтті.
Жиынға қатысушылар «Нұр Отанға» қолдау көрсетіп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен оның партиясы қолға алған экономикалық және саяси бағытты жалғастыруға тілек білдірді. Бүгінгі күні бұл зауыт полиэтилен құбырларды шығару бойынша алдыңғы қатарлы кәсіпорын саналады, жыл сайын өнім түрлерін көбейтіп, көлемін ұлғайтуда. Оған Президенттің бастамасымен және партияның белсенді араласуымен жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық бағдарлама зор мүмкіндік беруде. Халықты еңбекпен қамтуға, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған әлеуметтік бағдарламалар әрқашанда «Нұр Отан» партиясының бақылауында. Олар ақтөбеліктердің өмір сапасын көтеруде үлкен рөлге ие болды дейді митингке қатысушылар.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин, «Біз алдағы сайлауда қарапайым адамдарға көмектесетін, еліміздің болашағын ойлайтын, экономиканы дамытатын, ұрпағымыздың жарқын болашағын жасайтын партияға дауыс беруіміз керек. Ал ол партия, тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы. Сондықтан, 15-ші қаңтарда бүкіл халқымыз қолдап, «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетеді деп сенеміз,-деп атап өтті.
Дәл осы күні нұротандықтар сайлау бағдарламасының басым бағытттарын жауынгер-интернационалистермен талқылады. Алдағы 5 жылда партия ел қорғаушыларына лайықты әлеуметтік көмек көрсетіп, әскердің жабдықталуын жақсартуды көздеп отыр. Кездесуге қатысқандардың ойынша, Отанды қорғау - абыройлы жұмыс болуы тиіс.
«Нұр Отан» қазақстандықтардың зор сеніміне ие. Бұған Ақтөбе өңірінде өткен кездесулер дәлел бола алады. Аймақ тұрғындары «Нұр Отанды» қолдайды!
2012-01-05



