Фракцияның заңнамалық қызметі

Партия басшылығы мен депутаттар – Фракция мүшелеріне заң жобаларын Парламент Мәжілісінде қарау мәселелері бойынша сараптамалық, статистикалық, анықтамалық және басқа да мәліметтерді дер кезінде беріп отыру үшін Фракция аппараты Фракцияның заң шығарушылық жұмысына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Осы мақсатта Мәжіліс аппараты мен тұрақты комитеттерімен тығыз байланыс орнатылған.
Фракция аппаратының қызметкерлері комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына, комитеттер өткізетін іс-шараларға қатысады және заң жобаларының тиісті Комитеттерде қаралу барысы туралы Фракция басшысына баяндап отырады.
Фракция аппараты қаулылар жобаларына, арыз-өтініштерге, Фракция мен депутаттар – Фракция мүшелері жолдайтын депутаттық сауалдарға, Фракция отырыстары мен «үкімет сағаттарының» қорытындысы бойынша Үкіметке жолданатын ұсыныстарға құқықтық сараптама жүргізеді.
Төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің қарауына алдыңғы шақырылымдардан 81 заң жобасы өтті, оның ішіндегі 24 – не Үкімет бастама жасаса, 57- не депутаттар бастама жасаған.
Төртінші сайланған Мәжіліс жұмысын бастағалы бері 412 заң жобасы келіп түсті, оның 6-на Елбасы, 384 – не Үкімет, 22 – не депутаттар бастама жасаған.
Оның ішінде қаралып, Парламент Сенатына 347 заң жобасы өтті, оның 6 –на Елбасы, 323 – Үкімет, 18-не депутаттар бастама жасаған.
         Осы кезеңде 338  заң жобасы қаралып, заң күшіне енді.

ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ҮШ СЕССИЯ БАРЫСЫНДА АТҚАРҒАН ЗАҢШЫҒАРУШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ