Фракция туралы
2007 жылғы сайлаудың қорытындысы бойынша төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде партиялық тізіммен сайланған, Палата депутаттарының жалпы санының 91,5% құрайтын, құрамына 98 депутат енген «Нұр Отан» партиясының Фракциясы құрылды.
Фракция құрамында барлық деңгейдегі басшылар, бизнесмендер, ғылым және мәдениет қайраткерлері бар.
Білімі жағынан заңгерлер, инженерлер, педагогтар және экономистер басым.
Фракция мүшелерінің үштен бірінен астамының (39 адам) Қазақстан Республикасы Парламентінің алдыңғы шақырылымдарынан жұмыс тәжірибесі бар.
Депутаттардың арасында 15 ғылым докторы (15,3%) және
24 ғылым кандидаты (24,4 %) бар, 40 адамның екі немесе одан көп жоғары білімі бар.
Фракция мүшелерінің орташа жасы – 55 жас.
«Нұр Отан» ХДП біріңғай тізімі бойынша сайланған 98 депутаттың 17-сі әйелдер (17,4%), 81-і ер кісілер (82,6 %).
Фракциясы туралы ереже
Фракция құрамы