Партияға өту
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі болу үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
- Партияның Жарғысымен және Бағдарламалық құжаттарымен танысу;
- Партия мүшелігіне қабылдау туралы өтінішті және партия мүшелігіне өтетін тұлға туралы мәліметтерді толтыру;
- Партияның екі мүшесінің ұсынымын алу;
- Тұрғын (немесе жұмыс) орны бойынша бастауыш партия ұйымына өтініш беру.
Партия мүшелігіне қабылдау дербес, ерікті, тіркеуге алу түрінде жүргізіледі.
Партия Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партия алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуге, міндеттерді жүзеге асыруға белсенді араласатын, мүшелік жарналарды уақтылы төлейтін, заңнамалық актілерде айқындалған тұлғаларды қоспағанда, жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының азаматы партияға мүше бола алады.
Партияға мүшелік басқа партияға мүшелікпен үйлеспейді.
Партияға мүшелік тиісті партия құжатымен расталады.
Партияға қабылдауды партияның екі мүшесінің ұсынымы қоса беріле отырып, азаматтың жазбаша өтініші негізінде бастауыш партия ұйымының жиналысы шешеді.
Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестерінің Бюролары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымының Бюросы жүзеге асыра алады.
Партияға қабылданушы тұлға БПҰ жиналысында (Бюро) немесе партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестер Бюросында тиiстi шешiм қабылданған сәттен бастап партия мүшелiгiне қабылданды деп танылады.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшелігіне өтетін тұлғаға
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшелігіне өтетін тұлға туралы МӘЛІМЕТТЕР