Партияаралық кеңес
Партияаралық кеңестің XIII отырысы
«Қазақстан агроқалашықтарын қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық негізі»
2010 жылғы 13 желтоқсанда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимаратында Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының бастамасымен «Қазақстан агроқалашықтарын қалыптастырудың әлеуметтік - экономикалық негізі» күн тәртібінде Партияаралық кеңестің ХІІІ отырысы өтті.
Партияаралық кеңестің отырысы ауыл аумақтарын жаңа сапада жаңарту болып табылатын ауыл халқын әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылық өндірісін кешенді дамыту мәселелерін талқылауға арналды. Партияаралық кеңес жұмысының қортыныдылары бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Отырыс жұмысына саяси партиялардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі министрліктердің басшылығы, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Партияаралық кеңестің XII отырысы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсартудың басымдықтары»
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде азаматтарды әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасының қарастырылуына және осы салада қолданылып жүрген заңнаманы жетілдіру қажеттігіне байланысты «Әділет» демократиялық партияның бастамасымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсартудың басымдықтары» мәселесін талқылау Партияаралық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілді. Отырыс 2010 жылы 4 қазанда «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараттың ғимаратында өтті.
Отырысқа саяси партиялардың жетекшiлері, ҚР Парламентiнiң депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.
Отырыс қорытындылары бойынша тиiстi шешiм қабылданды.
Партияаралық кеңестің XI отырысы
«Оралмандар: қоныс аудару және бейiмделу мәселелерi»
2010 жылғы 13 қырүйекте «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимаратында «Руханият» жысылдар партиясының бастамасымен «Оралмандар: қоныс аудару және бейiмделу мәселелерi» күн тәртібінде Партияаралық кеңестің ХІ отырысы өтті.
Партияаралық кеңестің отырысы мемлекеттiк органдар жүргізіп отырған көшi-қон саясатына және мемлекет мүдделерi мен оралмандар құқықтарының сақталуына талдау жасауға арналады. Партияаралық кенес тиiстi шешiм қабылдады.
Отырыс жұмысына саяси партиялардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі министрліктердің және сараптама қоғамдастықтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Партияаралық кеңестің X отырысы
«Экологиялық қауіпсіздік – қазақстандықтардың өмір сапасын арттырудың ажырамас құрамдасы ретінде»
2010 жылы 10 маусымда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимаратында Қазақстан патриоттары партиясының бастамасымен «Экологиялық қауіпсіздік – қазақстандықтардың өмір сапасын арттырудың ажырамас құрамдасы ретінде» күн тәртібінде Партияаралық кеңестің Х отырысы өтті.
Партияаралық кеңес мәжiлiсінің мақсаты - 2004 жылы желтоқсанда бекiтiлген экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасының іске асырылу барысын және халықтың өмір сапасына қатысты мәселелерді талқылау.
Мәжіліс жұмысына саяси партиялардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы министрлiктерінiң және сарапшылық қауымдастықтар мен бұқаралық ақпарат құралдардың өкiлдерi қатысты.
Партияаралық кеңес жұмысының қорытындылары бойынша келесі өкілетті органдарға ұсыныстар дайындалды: қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының депутаттық фракциясына. Сондай-ақ, Партияаралық кеңестiң жаңа жұмыс регламентi бекітілді.
Партияаралық кеңестің IX отырысы
«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы»
2010 жылы 26 мамырда «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимаратында «Әділет» демократиялық партиясының бастамасымен «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы» күн тәртібінде Партияаралық кеңестің ІХ отырысы өтті.
Отырысқа саяси партиялардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, индустрия және жаңа технологиялар, қаражат, экономикалық даму және сауда министрлiктерiнiң, сарапшылық бiрлестiктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар бағдарламада белгіленген нақты міндеттерді шешу жолдарын, басым салаларды дамытуға қоғамдық қолдау көрсету шараларын түбегейлі талқылады. Ауқымды да күрделі міндеттерді жүзеге асыру заңнамалық қолдауды, сондай-ақ ұйымдастыру ісіне өзгерістер енгізуді, қоғам ішінде түсінідіру жұмыстарын, Халық тарапынан қолдауды, олардың жүзеге асырылу барысына тұрақты қоғамдық бақылауды қажет етеді.
Партияаралық кеңес отырысының қорытындылары бойынша тиiстi ұсыныстар әзірленіп, ҚР Үкiметiне және ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының депутаттық фракциясына жолданды.
Партияаралық кеңестің VIII отырысы
«Роль Казахстана, как действующего Председателя ОБСЕ, в вопросах урегулирования ситуации вокруг событий, происходящих в Кыргызстане»
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимаратында 2010 жылы 28 сәуiрiде «Нұр Отан» ХДП бастамасымен «Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар ясында жағдайды реттеу мәселелеріндегі Қазақстанның ЕҚЫҰ Төрағасы ретіндегі ролі» күн тәртiбiмен Партияаралық кеңестің VIII отырысы өтті.
Партияаралық кеңестің отырысына ҚР Парламентінің депутаттары, Қауiпсiздiк кеңесi, iшкi iстер, экономикалық даму және сауда, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, ақпарат және байланыс, әдiлет министріктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және сарапшылар қатысты.
Партияаралық кеңес Үкiметтің және басқа да уәкiлеттi органдардың назарын келесі мәслелерге аударды: шекара және көрші республикадағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осы елдегі инвестициялар мен қазақстандық шағын және орта бизнес мүдделерін корғау. Қазақстан ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Қырғызстанның iшкi iстерiнде шет елдер тарапынан килігу болмауы керек деді ПАК-қа мүше саяси партиялардың басшылары.
Партияаралық кеңестің VII отырысы
«Кедендік одақ: күтілетін нәтижелер мен проблемалар»
2010 жылдың 11 наурызында «Ақ жол» демократиялық партиясының бастамасымен «Кедендік одақ: күтілетін нәтижелер мен проблемалар» күн тәртiбiнде өткен Партияаралық кенестің мақсаты – жағдайды дамытудың мүмкіндіктері мен құрылып жатқан органға республикамыздың кiруінің салдарын талқылау.
ПАК қатысушылары келесілерге айрықша көңiл бөлдi: Кеден одағының барлық органдары жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету; Кеден одағы органдарында республика өкiлдерiнiң Қазақстан мүддесiн белсендi қорғауы; Одақтың Кеден кодексiн әзірлеу ісіне отандық бизнес өкiлдерiн және ғалымдарды тарту; Кеден одағына кiрудiң ауыспалы кезеңінде әлеуметтiк салдарды жұмсарту бойынша қосымша шаралар.
Партияаралық кеңестің мәжiлiсiне саяси партиялардың жетекшiлері, мүдделi министрлiктер, қоғамдық ұйымдар мне бұқаралық ақпарат құралдардың өкiлдерi қатысты.
Партияаралық кеңестiң 7-мәжiлiсiнiң ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкiметiне жолданды.
Партияаралық кеңестің VI отырысы
«2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның жаңа ұлттық саясатының тұжырымдамасы»
Қазақстандық қоғамның талқылауына шығарылған Ұлттық доктринаның жобасы халықтық түрлі жігі мен азаматтық қоғам институттарын үлкен ойға салды. Партияаралық кеңестiң кезекті мәжiлiсi осы құжаттың қағидаларын және «Ақ жол» демократиялық партиясы ұсынған «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстанның ұлттық саясатының тұжырымдамасы» жобасын талқылауға арналды. Мәжіліс А.М. Байменовтың төрағалығымен «Нұр Отан» ХДП ОА-да 2009 жылдың 15 қазанда өтті.
Талқылаудың қорытындысы бойынша Жаңа ұлттық саясат тұжырымдамасының жобасы Қазақстан халқы ассамблеясына жолданды.
Партияаралық кеңестің V отырысы
«Әділет» Демократиялық партиясының бастамасымен 2009 жылдың 17 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП ОА-да Партияаралық кеңестiң мәжiлiсi өтiп, онда әлемдік экономикалық-қаржы дағдарысы жағдайында мемлекеттiң әлеуметтiк бағдарламаларын қорғау шаралары талқыланды. Жалпы Үкімет жасаған Дағдарысқа қарсы бағдарламаны қолдай отырып, отырыс қатысушылары дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысындағы әлеуметтік аспектілерге айрықша мән берді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi Г.Н. Әбдiқалықованың ақпаратын талқылай отырып, Партияаралық кеңес тиiстi ұсыныстар қабылдады. Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнің кеңсесiне жолданды.
Партияаралық кеңестің ІV отырысы
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету және оның әл-ауқатын арттыру
Қол қойылған Меморандумға сәйкес Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының бастамасымен 2009 жылғы 16 маусымда «Нұр Отан» ХДП ОА-да дағдарыс құбылысының салдарын жою және еңсеру ісіне атсалысу мақсатына «Халықты жұмыспен қамтамысыз ету және оның әл-ауқатын арттыру» күн тәртібінде Партияаралық кенестің кезектi мәжiлiсi өттi.
Партияаралық кенестің мәжiлiсiне Мәжiлiс депутаттары, индустрия және сауда, бiлiм және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, әдiлет министрлiктерiнiң, ҚР Статистика агенттiгi мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшілері және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысты.
Талқылаулардың нәтижесінде қабылданған ұсыныстар Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнің кеңсесіне жолданды.
Партияаралық кеңестің дағдарысты еңсеру шараларын әзірлеу және дағдарыстан кейінгі кезеңде елді одан әрі дамыту мәселесін талқылау бойынша кезекті отырысы өтті.
«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Партияаралық кеңестің кезекті жиыны өтті. Кеңес жұмысына экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы Меморандумға қол қойған Қазақстандағы саяси партиялар мүшелері, «Атамекен» Одағы» ҰЭП, «Самұрық -Қазына» ӘАҚ»АҚ, «Даму» қоры өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қаралды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында аталған саланы қолдау үшін 120 млрд. теңге, қаражат бөлінді, 2425 нысан несиемен қамтамасыз етіліп, несиелік қаражаттар қайта қаржыландырылды. Әйтсе де атқарылған шаралар жеткіліксіз. Компания, кәсіпорын жетекшілері «Нұр Отан» партиясына шағын және орта бизнесті қолдау үшін қосымша қаржы бөлу жөнінде өтініш айтуда.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев: «шағын және орта бизнес мәселесі тек дағдарыстан шығу аясында иә болмаса ағымдағы кезеңде ұлттық қорлардан қандай бір бюджеттік қаржыларды бөлу мақсатында ғана айтылып отырған жоқ. Біз шағын және орта бизнес нысандарынан болашақта шынайы серпін көріп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, партияның 12-съезінде ҚР Президенті, партия Төрағасы 2020 жылға дейін постдағдарыстық бағдарлама әзірлеу туралы тапсырма берді. Біз барлық әріптестерімізді осы бағдарламаны дайындауға ат салысуға шақырамыз. Саяси одақтастарымыздан ұсыныстар күтеміз»,-деді.
Сондай-ақ , Дархан Кәлетаев барлық саяси партиялар мен құрылым, ұйым өкілдерінің алдында Партияаралық кеңес халықты толғандырған мәселелерді қозғайтын, ұсыныс-тілектер айтатын шынайы ашық алаң екендігін баса атап өтті.
«Мен саяси сахнадағы барлық әріптестерімді Елбасының атына, қоғамға қандай бір үндеулер жолдап, қызбалыққа жол бермей, сұхбат түрінде сөйлесуге шақырамын. Егер шешілмеген мәселелер болса, қайталап айтамын, біздің ынтымақтастық туралы Меморандумға қосылыңыздар. Менің ойымша, бұл игі бастама. Кез-келген жағдайды осы пікір-сайыс алаңында талқылауға болады»,-деді Дархан Кәлетаев.
03.06.2009г.
Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін тұрақтандыру шаралары туралы» тақырыпқа Партияаралық кеңестің 2-ші отырысы өтті.
Партияаралық кеңестің жұмысына «Нұр Отан», «Ақжол», «Әділет», «Руханият», «КНПК» партияларының өкілдері, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, сонымен қатар, «Даму» қорының, Стрестік актив қорының, Қазақстан қаржышылары қауымдастығының өкілдері қатысты.
Партияаралық кеңесте орта және шағын бизнесті несиелендіру проблемалары талқыланды, дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде мемлекеттің бөлген несиелік қаражатын екінші деңгейлі банктердің игеру қарқынының төмендігі туралы мәселелер қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша партияаралық кеңестің мүшелері қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша жинақталған ұсыныстарды әзірлеуді шешті.
14.04.2009 ж.
«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының конференц-залында дағдарыстан шығу шараларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мәселелері бойынша дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің одан әрі дамуын талқылау бойынша Партияаралық кеңестің 1-ші отырысы өтті.
Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі А.К. Евниев, «КазАгро» ұлттық холдинг» АҚ басқарамасының төрағасы А.С. Мамытбеков, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойған елдің 7 саяси партияларының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партиясының төрағасы Г.А. Қалиев және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының бірінші хатшысы В.Б. Косарев баяндама жасады. Отырыстың қорытындысы бойынша баяндамашылар көтерген мәселелер талқыланды және 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту және дағдарысты жеңу бойынша шараларды іске асыру туралы қарар қабылданды.
07.04.2009 ж.
Экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы меморандумға «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы қосылды.
«Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Д. Кәлетаевтың «Ақ жол» ҚДП төрағасы Ә. Байменовпен кездесуі өтті, оның барысында Экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Д. Кәлетаев өз сөзінде «Біздің барлығымызға әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан туындаған көкейтесті проблемаларды шешуге бағытталған жұмылдыру жолы қажет. Нәтижесінде жеңілгендердің болмайтындығына сенімдімін. Бұл барлығына ұтымды» деп атап өтті.
«Дағдарыс – бұл кезде біз барлық келіспеушіліктерді және амбицияларды артқа тастап, осы дағдарыс құбылыстарын тез жеңу үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек» деді Ә. Байменов.
«Ақ жол» ҚДП оның алдында 6 саяси партия қол қойған Меморандумға әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға бірлесе ықпал ету ниетімен қосылды.
06.04.2009 ж.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партияның бастамасы бойынша Экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға «Нұр Отан» ХДП, «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы қол қойды. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев атап өткендей ел тарихындағы жаңа тарихи белес туып келеді, бір белгілі міндет үшін емес, халық қамы үшін бірігуіміз қажет. Билік партиясы ретіндегі «Нұр Отан» партиясының миссиясы» осы секілді диалогтық алаңдарды тұрақты ұйымдастыруы қажет», - деп атап өтті.
Қол қоюға қатысушылар «Әділет» Демократиялық партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев, Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бірінші хатшысы Владислав Косарев, «Руханият» партиясының төрағасы Алтыншаш Жағанова, «Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Қазақстанның патриоттар партиясы төрағасының орынбасары Болат Бейсембаев «Нұр Отан» партиясының осы Меморандумға қол қою бастамасының маңыздылығы мен уақытылы екендігін атап өтті.
Өз сөзінде М. Нарықбаев
«Меморандум көптеген маңызды мәселелерді шешуде ынтымақтастықтың жаңа жолдарын ашады» деді. Меморандум барлық қол қойған партиялардың ұсыныстарының негізінде құрылды. «Нұр Отан» ХДП хатшысы Е. Қарин «Меморандумда басқа партиялардағы әріптестеріміздің барлық ұсыныстары мен негізгі ұстанымдары ескерілді» деп атап кетті. Меморандум Қазақстанның саяси партияларының арасындағы диалог тұрғысынан қарағанда ерекше мүддесін көрсетеді, негізгі саяси мәселелер бойынша партиялардың ұстанымын жақындатуға, жалпы ұлттық күн тәртібін пысықтауға мүмкіндік береді.
Қорыта келе Д. Кәлетаев елдің барлық саяси партияларын Меморандумға қол қоюға қосылуға шақырды: «Мен келе алмағандарға тағыда айтамын: Меморандум қол қою үшін барлығына ашық».
13.03.2009 ж.
Экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы меморандум
Экономикалық дағдарыс жағдайында елдің саяси және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы меморандумның 2 және 4 тармақшаларын іске асыру шеңберінде диалогтық алаңдарды құру бойынша ұйымдастыру отырысының хаттамасы



