Жұмыс нәтижелері
IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің ІІІ сессиясы барысында Мәжілістегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының (бұдан әрі – Фракция) заң шығару қызметінің басты бағыттарын үшінші сессияның ашылуында және 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауыңызда Сіз белгілеген мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтары айқындап берді.
Депутаттық корпус жаһандық қаржы дағдарысының салдарын жеңілдету мен жоюды, экономикада, саяси жүйеде және әлеуметтік секторда жүргізіліп жатқан реформаларды одан әрі алға жылжытуды қамтамасыз етуді көздей отырып, заң шығару саласында үлкен жұмыс атқарды.
Қазақстан парламентарийлері кеден одағының тиімді жұмыс істеуі үшін 40-қа жуық заңнамалық акт қабылдады.
Елдің дамуын жаңа, индустриялық кезеңге дайындауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмысы басталып кетті. Сіздің тапсырмаларыңызды іске асыру мақсатында үш жылдық республикалық бюджетке өзгерістер енгізілді, соның арқасында бүгіннің өзінде елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бес жылдық бағдарлама шеңберінде көзделген 144 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Сондай-ақ, Фракция 2009 жылғы 15 мамырда өткен «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Сіз жүктеген міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін жұмылдыруда. Осы мақсаттарға орай, ішкі партиялық және ішкі фракциялық тәртіпті күшейту жұмыстары жүйелі негізде атқарылуда. Депутаттық қызметтің барлық бағыттарының мониторингі тұрақты түрде жүргізіледі. Депутаттардың Фракция құрамындағы жұмысы туралы есептерін Фракция Төралқасында тыңдау дәстүрге айналды.
«Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының қорытындылары бойынша елдің құқықтық базасын толықтырған 103 заңнамалық актінің 21-і партияның Халықтық тұғырнамасының ережелерін іске асыруға бағытталған.
Фракция елде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерге үнемі назар аударып отырады.
Фракцияның ағымдағы жағдай туралы және партияның Халықтық тұғырнамасын, Дағдарысқа қарсы бағдарламаны, сондай-ақ Жол картасын орындауға байланысты Үкімет атқарып жатқан жұмыс туралы Премьер-Министрмен кездесулер қалыпты үрдіске айналды.
Сіздің тапсырмаңыз бойынша Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылау жөніндегі жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіледі.
Үшінші сессия барысында Үкімет басшылығы мен мүшелерінің қатысуымен өткен Фракцияның кеңейтілген 4 Жиналысы және Фракция Төралқасының 9 отырысы осы және басқа да маңызды мәселелерге арналды.
Биліктің өкілді және атқарушы тармақтары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша Фракция жанында тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші органдар - Әлеуметтік кеңес, Экономикалық саясат жөніндегі кеңес, Қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңес елеулі жұмыстар атқаруда. Олар өткен жылдың қыркүйек айынан бері жұртшылықты кеңінен қатыстыра отырып, көкейкесті мәселелерге арналған 11 іс-шара өткізді.
Фракция мүшелері үшінші сессия барысында өңірлерге екі рет барып, 600-ден астам елді мекенде болды, 200 мыңдай адам қатысқан бір жарым мыңнан аса кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы 2 мыңдай азаматты қабылдады.
Депутататтар-Фракция мүшелері баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуде, онда депутаттардың
300-дей жарияланымдары жарық көрді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың атына 500-ден астам депутаттық сауалдар жолданды.
Партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтарды қабылдау бойынша едәуір жұмыс атқарды. Осы кезең ішінде депутаттар партияның тек қана Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы шамамен 1000-дай азаматты қабылдады. Бүгінгі таңда азматтар өтініш білдірген проблемалық мәселелердің 900-ден астамы шешілді.
Фракция депутаттарының белсене қатысуымен 16 «үкімет сағаты» өткізілді, олардың шеңберінде партияның Халықтық тұғырнамасын республиканың әр түрлі мемлекеттік органдарының іске асыруына айрықша назар аударылды.