Депутаттық сауалдар
Депутаттар – «Нұр Отан» ХДП Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы 2007 жылғы қыркүйек айы мен 2010 жылғы маусым айы аралығында республиканың мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларының атына 1427 сауал мен үндеулер жолдады.
Депутаттар өздерінің сауалдары мен үндеулерінде қозғаған мәселелер шын мәнінде тұрғындарды толғандырып жүрген көкейкесті проблемалардан тұрады, әрі тақырыптық жағынан әр алуан болып келеді.
Депутаттық сауалдардың тақырыптарына қарап, Фракция мүшелері мемлекет өмірінің барлық салаларын қамтығандығына көз жеткізуге болады:
• тұрғындарды әлеуметтік қорғау (зейнетақы, стипендиялар, жәрдемақы, арнайы бағдарламалар);
• тіл саясаты, мәдениет, тарих, БАҚ;
• әлеуметтік саланы дамыту (білім беру, денсаулық сақтау);
• экономиканың реалды секторын дамыту (өнеркәсіп, энергетика, қызмет көрсету саласы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы);
• инфрақұрылымды дамыту (көлік, жолдар, байланыс, коммуникациялар);
• аграрлық секторды дамыту;
• фискальді және монетарлық саясат, бағалар, тарифтер;
• қауіпсіздік, төтенше жағдайлар салдарын жою, экологиялық қауіпсіздік;
• республиканың заңнамаларын атқару, оны жетілдіру, Үкімет бағдарламаларын әзірлеу;
• Құқық қорғау органдарына өтініштер.
«НҰР ОТАН» ХДП МҮШЕЛЕРІНІҢ ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ҮШ СЕССИЯСЫ БАРЫСЫНДА ЖОЛДАҒАН ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАРЫ ТУРАЛЫ
Барлығы | Бірінші сессияда (02.09.2007-30.06.2008) | Екінші сессияда (02.09.2008-30.06.2009) | Үшінші сессияда (01.09.2009-30.06.2010) |
1 427 | 440 | 454 | 533 |