Жаналықтар

2012-05-17
Астана. «Нұр Отанда» «Қатал жазалаудан жасөспірім қыздарды қорғау: гендерлік зомбылық және жыныстық эксплуатация саласындағы №150 балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефон желісінің рөлі» атты республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті

Республикалық деңгейдегі дөңгелек үстелдің бастамашысы Қазақстандағы «Дағдарыстық орталықтар Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі болып табылса, аталмыш іс-шара «Нұр Отан» ХДП тарапынан қолдау тауып, Қазақстан Республикасындағы ғылым және білім Министрлігінің тұсындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің, БҰҰ миграция жөніндегі Халықаралық Ұйымының, сондай-ақ Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығының, салауатты өмір салтының Ұлттың Орталығының көмегімен өткізілді.

Республикалық деңгейдегі дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары -баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкестендіріле, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау саясатын іске асырудағы мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктестікті қалыптастыру идеясын насихаттауды аталмыш іс-шараның мақсаты етіп белгілеген.

[Қарап шығулар: 10]

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10